- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талғар оқиғасы: қамауға...
Талғар оқиғасы: қамауға алынған күдіктінің анасы видеожолдау жасады
16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қамауға алынған күдіктінің анасы видеожолдау түсірді. Видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйел ұлы мен оның досына қылмысты хабарламау және жасыру деген айып тағылғанын айтты. Оның айтуынша, олар қылмыс орнында болмаған. Оқиға орнына тек қылмыс болғаннан кейін барған.
Жігіттерден алдымен жауап алынып, кейін босатылған. Бірақ 13 қазанда олар қайта ұсталып, екі айға қамауға алыныпты.
"Олардың не үшін қамауға алынғанын түсінбеймін. Адам санын 13-ке толтыру керек болғандықтан ба? Егер олар оқиға орнында болмаса, олар не болғанын білмейді де ғой. Ал қылмыс кезінде сол жерде болған екі қыз неге тек куәгер ретінде аталып жүр?", - деді күдікті ретінде қамауға алынған баланың анасы.
Видеоүндеу жасаған әйел әділ тергеу жүргізіліп, ұлын үйқамаққа кепілге шығаруды сұрап отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Алматы облысының полиция департаменті бұл жазбаға былай жауап берді:
"13 қазанда оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша айып тағылған үш адам қамауға алынды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары күдікті К-ның жасалған қылмыстан хабардар екені анықталды. Соттың санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қазір қылмыстық істі толық және объективті тергеп-тексеру үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның аясында қылмыс орнында болған екі қыздың әрекетіне де құқықтық баға беріледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева