- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талғар мектебіндегі дәретхана...
Талғар мектебіндегі дәретхана Желі қолданушыларының наразылығын туғызды
Талғар мектептерінің бірінде кабиналарында есік жоқ дәретхана видеоға түсірілген. Видео Instagram-да kris_p_talgar_2 парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары дәретханада неге есік жоқ екеніне түрлі болжам жасаған:
"Балалардың қауіпсіздігі үшін есіктер алып тасталған шығар".
"Балалар, сындырып тастаған шығар. Кеше жалпы мектеп жиналысында болдым, қыркүйекте мектепке есіктер орнатылды, бірақ бәрі сынған".
"Иә, есіктер жақында сынған, балалар құлыптарын жұлып алды. Бұл жоғары сынып оқушыларына арналған дәретханалар, олар есіктің топсасын жұлып алды. Қазір есіктер қалпына келтірілді".
"Маған бірінші сынып оқушылары аша алмаған соң алып тасталғаны айтылды".
"Төбелеске жол бермеу үшін".
Мектеп әкімшілігі бұл туралы әлі пікір білдірмеген. Бірақ әлеуметтік желіде жазбаға Алматы облысы прокуратурасы өкілдері жауап берді.
"Ақпарат үшін рахмет, бұл мәселе Талғар ауданының прокуратурасына тапсырылды", - делінген ведомствоның видеодағы пікірінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова