Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылында үш қабатты, көппәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тосын оқиға 16 қарашада болған.
"Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 буыны жұмылдырылды. Құтқарушылар екінші қабаттан екі ересек адамды құтқарып, жедел жәрдемге тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар 15 газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, олардың жарылуының алдын алған.
"ТЖД бөлімшелері жеткенге дейін зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт толығымен сөндірілді", - деді ТЖД өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!