Әлеуметтік желіде Талғар маңында атыс болғаны туралы видео тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушылардың сөзінше, оқиға Талғар трактінің маңында орналасқан Тұздыбастау ауылында болған.
Бұл дерекке қатысты тәртіп сақшылары пікір білдірді.
Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Оқиғаға қатысы бар адамның бәрі ұсталып, полицияға жеткізілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомство өкілдері.
Атыстың неден шыққаны және оқиғаға қатысты адамдар туралы нақты, ресми дерек жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз