Талғар қаласы мен Ақмола облысында жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі LIDER.KZ еріктілер тобына сілтеме жасап.
1980 жылы туған Денис Орлов 11 сәуірде жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып, қайтадан оралмаған. Денис Орлов 15 сәуірде өлі табылды.
1960 жылы туған Ринат Закиров 14 сәуірде балық аулауға кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Іздеу жұмыстарымен өңірдегі еріктілер, полиция, өртсөндірушілер мен Қабанбай ауылының әкімі де айналысқан.
Бірнеше сағаттан кейін жоғалып кеткен ер адамның заттары өзеннен табылған. Артынша ер адамның денесі де өзеннен табылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!