Талғар-Есік тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Талғар-Есік тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жантүршігерлік жол көлік оқиға болды. Салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғар-Есік тасжолында Zeekr 001 автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz-бен соқтығысқан. 

Салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінде отырған екі адам оқиға орнында қайтыс болған. Жүргізушісі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.  

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина