Талғар ауданы полициясы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қызметке Айдар Омаров келді.
"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Талғар ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы лауазымына полиция подполковнигі Айдар Әбдікерімұлы Омаров тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, биыл қазанда Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей мен аудан әкімі қызметінен босатылған болатын. Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болаттың өлтірілуіне байланысты қоғамда резонанс тудырды.
Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен мыналар қызметінен босатылды:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!