- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкімді сайлау
Талғар әкімі лауазымынан кімдер үмітті?
Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талғар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімі лауазымына келесі үміткерлер бақ сынайды:
- Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы туған. Amanat партиясы ұсынған. "Талғар тұрғын үй" ЖШС-ның басшысы;
- Жәнібек Жанболатұлы Қаденов 1991 жылы туған. Қазақстан халық партиясы (ҚХП) ұсынған. "Талғар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді;
- Әлібек Ғайсаұлы Рамазанов 1982 жылы дүниеге келген. Өзін-өзі ұсынған. "Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
Еске салайық, әкімді сайлау 15 желтоқсанда өтеді.
Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков 15 қазанда қоғамда резонанс тудырған 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін қызметінен босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан