- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанның білім басқармасының...
Талдықорғанның білім басқармасының экс-басшысы өзеннен өлі табылды - БАҚ
Фото:
Pixabay.com
Талдықорғанның білім басқармасының экс-басшысы Роза Барманова өзеннен өлі табылды. Бұл туралы бірнеше БАҚ хабарлады. Алайда жергілікті Полиция департаменті өкілдері ол нақты Барманова ма, әлде ол емес па сараптама арқылы анықталатынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қаратал өзенінің маңында зорлық-зомбылықпен өлімнің белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Бұл факт тиісті тексеруді ұйымдастырумен қалалық полицияда ресми түрде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша өлімнің себебі анықталады", - дейді Жетісу облыстық ПД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова