Талдықорғанның әкімі ауысты, енді қалаға Бағдат Қарасаев басшылық етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорғанның бұрынғы әкімі Ермек Алпысбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Бағдат Қарасаев 1964 жылы туылған, жоғары білімді. 2004 жылдан бастап Алакөл ауданының әкімі болды.
Қаланың бұрынғы әкімі Алпысбаев СҚО тумасы. Мамандығы – экономист. Ол Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2008-2012 жылдары қала әкімінің орынбасары, 2012 жылдың 25 қаңтарында Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды.