Талдықорғаннан Алматыға шыққан жолаушылар үшін қозғалыс бағыты өзгерді

28 сәуірден бастап Талдықорғаннан Алматыға шыққан жолаушылар үшін қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетісу" телеарнасына сілтеме жасап.

Енді көліктер Мұқыры ауылы арқылы өтеді. Бұл шешім жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

"Қазір Алматы-Өскемен тасжолының 213-234-шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында жол жабыны толық жаңартылып, тау беткейі тегістеледі. Сонымен қатар, су өткізу құбырлары орнатылады", - деп жазылған хабарламада.

Бұл учаскедегі жөндеу жұмыстары күзге дейін жалғасады деп жоспарланып отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз