Талдықорғанға кіре берісте көлік аударылып, нәресте мен қарт әйел зардап шекті

Талдықорғанға кіре берісте көлік аударылып, нәресте мен қарт әйел зардап шекті
Фото: polisia.kz

28 ақпанда Талдықорғанға кіре берісте 48 жастағы тұрғын мінген Toyota 4Runner автокөлігі аударылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында нәресте және қарт әйел бар, зардап шеккен адамдар ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.

Оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан