Талдықорған әкімі лауазымына Әсет Масабаевтың орнына Ернат Базил тағайындалды, ол бұрын облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ернат Дүйсенбекұлы Базил 1978 жылы туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "инженер-құрылысшы" және "қаржы" мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, экс-әкім Әсет Мұсабаев былтыр наурызда Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!