- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғандық оқушы шығармашылық...
Талдықорғандық оқушы шығармашылық өнер байқауының жеңімпазы атанды
Алматы қаласында TURAQTY JOL Ұлттық Әлеуметтік эконауқаны аясында "Су ресурстарын қорғау" шығармашылық өнер байқауын марапаттау рәсімі өтті. Талдықорған қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО Клубының 15 жасар дарынды суретшісі және оқушысы Жамалиева Жамиля көркемсурет номинациясының жеңімпаздарының бірі атанды.
"TURAQTY JOL" – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын бастама. Бұл бағдарлама жобаның бұрын сәтті жүзеге асырылған үш циклінің жалғасы болып табылады.
8 қыркүйектен 20 қарашаға дейін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 12-35 жас аралығындағы 700-ден астам қатысушы су ресурстары проблемаларына қатысты өз көзқарастарын білдірді. 15 жасар Жамиляның жұмысы ерекше көзге түсті. Қатысушы өз талантын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экологиялық мәселелерге назар салу керек екенін түсінді.
"Мен үшін бұл экологиялық мәселе ерекше маңызды, өйткені, су - біздің өміріміз. Қазіргі уақытта, бұл - қоғамның назарын аударатын өзекті тақырыптардың бірі", - деп өз пікірімен бөлісті көркемдік номинацияның жеңімпазы.
Жамиля бала кезінен сурет салуға әуес болған және байқау туралы естігенде бір ай бойы өз туындысын әзірлеген. Тақырыпқа қатысты идеясы оған кенеттен келген және ол өз жұмысын басқа қатысушылардан ерекшеленетін бірегей етуге ұмтылған.
"Мен осы байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл жоба адамдардың назарын су ресурстары мәселесіне аударуға шақырады. Байқау өзіңнің ерекше дарынынды көрсету ғана емес, экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатысу бағытындағы маңызды қадам. Біз, жас ұрпақ, планетамыздың болашағы үшін жауапкершілікте боламыз және мен су ресурстарын тұрақты пайдалануды қолдауға өз үлесімді қоса алатынымды мақтан тұтамын", - деп атап өтті Жамалиева Жамиля.
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы ұйымдастырған "Turaqty Jol" шығармашылық байқауының басты мақсаты - су ресурстарының мәселелері туралы қоғамның хабардарлығын арттыру. Суды дұрыс тұтынудың осалдығы мен маңыздылығына назар аудартып, экологиялық мәдениетті ілгерілетуге ықпал ете отырып жастарды тәрбиелеуге және тұрақты даму мақсаттарың кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар өткен жылдардың тәжірибесіне негізделген жоба жаһандық орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосатынына және Қазақстан тұрғындарының елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға деген ұмтылысына қолдау көрсететініне сенім білдіреді.
ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясы ұсынған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz