- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғандық мұғалімдер мүгедіктігі...
Талдықорғандық мұғалімдер мүгедіктігі бар балаларды оқытпай, жалақы алған
Фото:
Tengrinews.kz
Талдықорған прокуратурасы мүгедектігі бар балаларды инклюзив оқыту саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, заң бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлар стационарлық емделу кезеңінде мүгедектігі бар 261 баланың инклюзив білім алмағанын анықтады. Осыған қарамастан, мұғалімдерге 2 251 833 теңге төленген.
"Қадағалау актісі бойынша бұрын білім алмаған балалар білім беру процесіне қайта қосылып, қажетті білім алды. Осылайша, прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады. Сондай-ақ мемлекет кірісіне 2 251 833 теңге өтелді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан