Талдықорған полицейлері "зейнеткерді пышақтады" деген күдікпен 28 жастағы тұрғынды ұстап, қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
21 тамызда 64 жастағы ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен түскен. Жараланған азамат жеке меншік секторынан ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Жәбірленуші масаңдау халде болған. Полицияның жедел уәкілдері пышақ ала жүгірген күдіктіні анықтап, ұстады.
"Күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты, ол өтіп бара жатқан адаммен ұрыс-керіс бастап, ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған. Екеуі бірін-бірі танымайды, тек бірі екіншісіне ескерту жасаған", - деп хабарлады Талдықорған полиция басқармасы.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!