Талдықорғанда ТЖМ қызметкерлері жаңбыр суының кәрізінде қалып қойған күшіктерді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 112 желісіне жауын-шашын кәрізінде кішкентай күшіктер қыңсылап жатыр деген хабарлама түсті.
Ауа райына байланысты күшіктерге қауіп төнген.
Құтқарушылар жаңбыр суының кәрізінің торын алып, жеті күшікті шығарды.
Содан кейін қызметкерлер оларды жануарларды қорғау ұйымының қызметкерлеріне тапсырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз