Талдықорғанда түн ортасында төбелес шықты - видео

Талдықорғанда түн ортасында төбелес шықты - видео
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Талдықорғанда куәгерлер көшелердің бірінде болған жастар арасындағы төбелесті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі taldykorganec.insta-ға сілтеме жасап.

"8-шағынаудандағы түнгі төбелес", - делінген видеоның сипаттамасында.

Жетісу облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыстық құқықбұзушылық жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деді ведомство өкілдері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget