Талдықорғанда полиция қызметкерлері моншада жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда облыстық ҰҚҚКБ жедел қызметкерлерінің арнайы іс-шара барысында монша кешендерінің бірінің 58 жастағы әкімшісі ұсталды. Әйел жезөкшелікпен айналысу үшін притонды жүргізді деген күдікке ілінді.
Полиция қызметкерлері мекемені тексеру кезінде притонның әкімшісі клиенттеріне интим қызмет көрсету үшін ұсынған бес қызды анықтап, ұстады. Тиісінше, көрсетілген қызметтер қомақты ақшалай сыйақы үшін ұсынылған.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу қалалық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. "Түнгі көбелектер" профилактикалық есепке алынды", - делінген хабараламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!