Талдықорғанда пара алған адам мен пара бергендер жазаланды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талдықорған қалалық соты айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы делдалдар - Панфилов аудандық ауруханасының травматологы, Сарқан аудандық ауруханасының психиатры және Ақсу аудандық ауруханасының УЗИ дәрігері арқылы бес пара берушінің мүгедектігін ұзартқаны және белгілегені үшін бірнеше рет 450 мың теңге пара алған.
Сотталушылар іс-әрекет жасағаны үшін заңда жазаның баламалы түрлері қарастырылған. Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларға сотталушылардың шын жүректен өкінуі, жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайы туралы сотқа шынайы хабарлауы, оны ашуға белсенді түрде жәрдемдесу (бір сотталушыны қоспағанда), кейбір сотталушылардың жас балаларының болуы және мүгедектігі жатады. Ауырлататын мән-жайлар – пара алушының құқықбұзушылық жасауы, сол арқылы өзі қабылдаған антын бұзуы.
Кінәлі деп танылып, үкім шығарылды:
Айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда төленбеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!