- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда өз көлігінен...
Талдықорғанда өз көлігінен өлі табылған адам кім екені белгілі болды
Талдықорғанда Алматы облысы бойынша "ҚазАгроҚаржы" филиалының бұрынғы директоры көліктен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға кеше Көктем шағынауданында болған еді. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео жарияланды. Кадрларда, полицейлер Koktem Grand қонақүйі маңындағы автотұрақты қоршап алғаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция мәліметінше, Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонында 47 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған.
"Болжам бойынша, ер адам атыс қаруын қолданып өз-өзіне қол жұмсаған", - деп мәлімдеді Жетісу облысының Полиция департаменті өкілі.
"ҚазАгроҚаржы" баспасөз қызметі өкілі Алматы филиалының экс-директоры Ержан Ұстаев қаза тапқанын растады.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ ұжымы Ержан Ұстаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. 21 жылдан аса уақытын Ержан компаниямыздағы жұмысқа арнап, облыстың (Алматы облысы) аграрлық секторының дамуына елеулі үлес қосты. Біз Ержанды жанашыр және шынайы адам ретінде білдік. Иманы саламат болсын", - деді "ҚазАгроҚаржы" баспасөз қызметі өкілі.
khabar.kz
Ашық деректерге сүйенсек, Ержан Ұстаев 1975 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. 4 қыркүйекте ол 47 жасқа толды.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда ер адам өз көлігінен өлі табылғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова