Талдықорғанда оқыс жағдайға тап болған қыз құтқарылды

Фото: Видео кадры

Талдықорғанда ТЖМ құтқарушылары 12 жастағы қызға көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше  қаладағы тұрғын үйлердің бірінде 12 жастағы қыздың саусағы құмыраның қақпағына қыстырылып қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері жетіп, арнайы құрылғының көмегімен пластиктан жасалған қақпақты кесіп, баланың саусағын шығарып алған.

"Зардап шеккендер жоқ. Қыз бала медициналық көмекке мұқтаж болмады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін астаналық дәрігерлер алты айлық баланы ажалдан екі рет арашалап қалғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget