Талдықорғанда наубайхана өртке оранды: зардап шеккен адам бар

Жетісу облысында наубайханада шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19 қазанда түнде Талдықорған қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан наубайхананың шатыры өртенген.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, 78 шаршы метр аумақтағы өртті аз уақытта сөндірген.

"Оқиға салдарынан наубайхананың 1986 жылы туған қызметкерінің қолын жеңіл күйік шалды. Зардап шеккен азамат медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!