- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда мектеп формасына...
Талдықорғанда мектеп формасына қатысты дау шықты
Талдықорғандағы мектеп оқушыларының ата-аналары балаларына белгілі бір өндірушінің формасын сатып алуға мәжбүрлеген мектеп директорына шағымданды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ата-аналардың айтуынша, облыс орталығындағы кейбір мектептердің директорлары мектеп формасын белгілі бір өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген. Алайда киімнің сапасы бағасына сәйкес келмейді.
"Директор оқушыларға осы өндірушінің формасын алған, алмағандарын тікелей тексеретінін айтқан. Демек, олардың өз ойлағандары бар? Директор айтқан форманың бағасы мен сапасы сай келмейді. Талдықорғанда жалақы 60-70 мың теңге. Сондықтан мұндай қымбат форманы кез келген ата-ана алып бере алмайды. Отбасында екі немесе одан да көп бала мектепке барса, олар не істейді? Мектепте оқу емес форма маңызды ма?, - деп ашуланды ата-аналар.
Ата-аналардың арыз-шағымдарына Талдықорған қаласының білім бөлімі жауап берді. Мектепке бекітілген бірыңғай мектеп формасының үлгісі бар, бірақ белгілі бір өндірушіден сатып алыңдар деп айту дұрыс емес.
Г. Досымшалова"Мектеп формасының түсін, стилін және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитеті белгілейді. Бұл ретте мектеп формасын шығаратын жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді. Өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда ата-аналар тәуелсіз", - деп түсіндірді ведомствода.