Талдықорғанда мас жүргізуші жол апатына ұшырады. Jetour көлігін басқара отырып, ол үш көлікпен соқтығысып, кейін оқиға орнынан қашып кетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері құқық бұзған 35 жастағы ер адамды жедел түрде ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Құрметті жүргізушілер, есіңізде болсын! Бұл құқықбұзушылық үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп ескертті полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз