• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Талдықорғанда көлік жарылып, салдарынан үй опырылған

Фото: Видео кадры

Талдықорғанда газ қондырғысы орнатылған көлік жарылған. Жарылыс күшті болғаны сонша - үй опырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видеолар тарады.

"Туысымыздың көлігі жарылды. Қыста баспанасыз қалды. Өте қиын жағдай. Енді олар жөндеу жүргізіп, үйді қалпына келтіруі керек", - дейді видеодағы адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)

Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, 4 наурызда Талдықорғанда (Еркін ауылында) гаражда тұрған көліктің газ жабдығы жарылған.

"Хабарлама сағат 07:06-да түсті, оқиға орнына ТЖД күштерінен 20 адам, 6 техника жіберілді. Оқиға салдарынан ғимарат жартылай опырылды (50 шаршы метр). Өрт шыққан жоқ", - деді ТЖД өкілі.

Оқиға салдарынан бір адам зардап шеккен. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget