Талдықорғанда қауіпті маневр жасаған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мерекелік іс-шарадан кейін бір топ жас жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қала көшелерінде қауіпті маневр жасаған.
"Мұндай жауапсыз әрекеттер жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін еді. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етті. Бейнебақылау камералары көмегімен және әлеуметтік желілерге жүргізілген тұрақты мониторинг нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды", - деді полиция.
Оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданған. Көліктер арнаулы айып тұрағына қойылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!