Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызды көлікте зорлаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызды көлікте зорлаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Талдықорған полициясына кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда түскен.

"Дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабының 3-1 бөлігі және 121-бабының 3-1 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында болғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Қалалық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова