Талдықорғанда қалалық полиция басшысы тағайындалды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Талдықорған қаласының полиция бөлімін Ернар Ширбаев басқарды.
Талдықорған қалалық полиция басқармасының жаңа басшысы Ернар Мырзахметұлы Ширбаев "полиция подполковнигі" арнайы атағында, бұған дейін Жетісу облысы Ақсу аудандық полициясының басшысы ретінде қызметін атқарған.
Жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы қызметін Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі қызметінен бастаған.
2011-2022 жылдары Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Ақсу, Ескелді, Алакөл аудандары мен Алматы облысы Қарасай ауданының ішкі істер бөлімдерінде басшы құрам ретінде атқарған.
2022 жылғы шілдеде Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!