Талдықорғанда жүк көлігі 3 жасар баланы қағып мерт қылды

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі зщдшышф

Оқиға 3 мамырда Көктал шағынауданында болған. Онда велосипед айдап бара жатқан 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды.

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам айдаған.

Жол апатының мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!