- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда жоғалып кеткен...
Талдықорғанда жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті жерленген орын табылды
Жетісу облысының полицейлері жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыздың мәйітін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер мен әскери қызметкерлерден, еріктілерден тұратын іздеу топтары Текелі қаласының сыртындағы таулы жерде қыздың мәйіті жерленген орынды анықтады. Полиция сол жерде жұмысын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, 28 желтоқсанда Талдықорған полициясына 14 жастағы оқушы қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Жасөспірім қараша айының басынан бері сабаққа қатыспағаны белгілі болды. Полиция жедел-іздестіру іс-шараларын бастағаннан кейін жасөспірім қылмыстың құрбаны болуы мүмкін деген нұсқаны айтты.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейінірек баланың жоғалу фактісі бойынша күдікке ілінген, қазіргі уақытта қамауға алынған анасы мен өгей әкесін ұстады.
"Тергеу жалғасып жатыр және ерекше бақылауда", - деп хабарлады полиция департаменті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан