Талдықорғанда жеке сот орындаушысы балаларды алиментсіз қалдырған

Жетісу облысында сот орындаушысы алимент төлеуге арналған қаржыны жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен баю схемасын қолданып, балаларды алиментсіз қалдырған.

"Ол борышкерлердің жұмыс берушілерінен ақша түскеннен кейін қаржының көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған. Мысалы бір жағдайда жұмыс беруші сәуірден маусымға дейін жеке сот орындаушысының шотына 570 мың теңгеден аса алимент аударған. Сот орындаушысы бұл соманың 170 мың теңгесін ғана аударып, қалғанын жымқырған", - деп жазылған хабарламада.

Ол осыған ұқсас схеманы бірнеше рет қолданып, 2 млн теңгеден аса соманы қалтасына басқан. Жеке сот орындаушысына қатысты соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!