Талдықорғанда үш көлік соқтығысты, ішінде жедел жәрдем көлігі де бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының Полиция департаменті Suzuki және Mazda көліктері, жедел жәрдем соқтығысқан жол апаты бойынша іс тіркелгенін хабарлады.
Полицейлер қазір осы дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша Suzuki жүргізушісі зардап шеккен. Ол ауруханаға жатқызылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз