Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды
Фото: видео кадры

Талдықорғанда жантүршігерлік көлік апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кадрлардан бұрылыстан бірнеше скутердің шыққанын көруге болады.

Оның бірі жолды кесіп өтпек болғанда жеңіл көлікке соқтығысады. Оқиға Талдықорған қаласындағы Сланов пен Абылай хан көшелерінің қиылысында болды.

"13 жастағы жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір бұл фактіні ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Admin: Kertaev Aidos (@krisp.tdk)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина