Талдықорған орталығында әйел адамды көлік қағып мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 наурызға қараған түні Талдықорған қаласының орталығында әйел адамды көлік қағып қайтыс болды.
Жансүгіров көшесімен келе жатқан Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерімен өткен жаяу жүргіншіні қағып кетуге жол берген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 37 жастағы әйел адам сол жерде қайтыс болды.
Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.
Өңір полициясы азаматтарды жолдарда мұқият болуға, ҚР Жол жүру ережелерін сақтауға және жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз