Талдықорғанда ер адам 30 минут бойы банкоматты қиратпақ болған (видео)

Талдықорғанда банкоматты тонау әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Таңғы уақытта күдікті қолда бар құралдарды пайдаланып, банкоматты зақымдауға тырысқан. Ол шамамен жарты сағат бойы құрылғыны ашуға әрекет жасағанымен, ақшаны ала алмаған.

"45 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған сәтте ер адам мас болған. Қазір банкке келтірілген материалдық шығын көлемі бағаланып, заңнама аясында тергеу жалғасып жатыр", - деді полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!