- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда екі әйел...
Талдықорғанда екі әйел босанғаннан кейін қайтыс болған: жаңа дерек айтылды
Талдықорғандағы перзентханада босанған екі әйелдің өліміне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, осыған дейін редакциямызға Талдықорғандағы перзентханада әпкесі жұмбақ жағдайда қайтыс болған қыз хабарласқан болатын. Кейінірек Талдықорғандағы дәл осы перзентханада босанған тағы бір әйел қайтыс болғаны белгілі болды.
Жетісу облысының Полиция департаменті мен прокуратурасы Облыстық перинаталдық орталықта босанған әйелдердің өліміне қатысты екі деректі де растап отыр.
"Талдықорған Полиция басқармасы А. А. Аштаеваның қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта полиция басқармасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын сақтай отырып, соталды тергеу жүргізіп жатыр және тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданды. Екінші босанған әйелдің қайтыс болу дерегі бойынша да Талдықорған полициясы соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта патологиялық-анатомиялық зерттеу нәтижелері дайын емес", - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты соталды тергеп-тексеру деректері жарияланайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина