Талдықорған станциясындағы жекеменшік кірме жолда бес цистерна өздігінен қозғалып, салдары апатқа ұласты. Талдықорған – Қарабұлақ аралығындағы теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 31 қаңтарда сағат 21:36-да "Bars Build" ЖШС-не тиесілі жекеменшік кірме жолда болған. №215 қосу жолында тұрған жүк тиелген бес цистерна тосыннан орнынан қозғалып кеткен.
Бес вагонның екеуі №214 сақтандыру жолының тұйық тіреуіне соғылып, рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер. Цистерналардан жүк төгіліп, ағылмаған.
Апат салдарын жою үшін оқиға орнында ТЖД күштері жұмыс істеп жатыр. Оған 25 маман мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.
1 ақпан сағат 00:25-тен бастап Талдықорған – Қарабұлақ теміржол аралығы қозғалыс үшін жабылды. Апат салдарынан №3604 пойызы жолда бөгеліп қалды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ бұл оқиға компанияның жауапкершілік аймағына кірмейтін жекеменшік жолда болғанын ресми түрде мәлімдеді.
Қазір арнайы комиссия құрылып, вагондардың өздігінен қозғалып кету себептерін анықтап жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!