Әлеуметтік желіде Талдықорғанда бір топ бала қатарласын соққыға жығып жатқан сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Талдықорған қаласы. Бір топ бала жасөспірімді ұрып жатқаны түсірілген тағы бір видео келді. Біз полициядан шара қолдануын сұраймыз. Тыныш кетіп бара жатқан адамды ұрып кеткен деп жатыр", - делінген әлеуметтік желіде тараған видеода.
Полиция оқиға 15 сәуірде Талдықорғандағы орталық саябақ аумағында болғанын хабарлады.
Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілген.
Олар жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туған оқушылары болып шықты.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімінде "Бұзақылық" көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды", - делінген хабарламада.
Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!