- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда босанған екі...
Талдықорғанда босанған екі әйелдің өлімі: тергеу басталды
Талдықорған перзентханасында босанған екі әйелдің өліміне қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Талдықорған облыстық перинаталдық орталығында екі әйелдің қайтыс болғанын растады.
"Жыл басынан бері Жетісу облысында "Облыстық перинаталдық орталық" ШЖҚ МКК базасында ана өлімінің екі жағдайы болды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Бұл ретте басқармада туыстарының рұқсатынсыз мәйіттерді ашу туралы шағымдарға мәйітті ашу ана өлімінің барлық жағдайында жүргізілетіні хабарланды.
"2020 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының 125-бабына сәйкес, патологиялық-анатомиялық ашу ана өлімінің барлық жағдайында өлім тіркелгеннен кейін 24 сағат ішінде жүргізіледі", - деп хабарлады басқарма өкілдері.
Қазір тергеу шаралары мен қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығына мониторингті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек