Талдықорғанда биік ғимарат маңынан 23 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 25 тамызда кешке Талдықорғанда Восточный шағынауданындағы көпқабатты аяқталмаған ғимарат маңынан 23 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған. Болжам бойынша, қыз биіктен құлап, өз-өзіне қол жұмсаған.
Қыз неге мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!