- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда балконнан секірген...
Талдықорғанда балконнан секірген қыздың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр
Талдықорғанда көпқабатты үйдің балконынан оқушы қыз секіріп кетті. Полицейлер суицидке не себеп болғанын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Қайғылы оқиға 16 мамырда "Болашақ" шағынауданында болған. Оқушы қыз көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кеткен. Жазбада бойжеткеннің ҰБТ нәтижесіне байланысты өз-өзіне қол жұмсағаны айтылған.
Жетісу облыстық білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство өкілдері оқушы қыздың жекеменшік мектепте оқитынын және ол ҰБТ-ны тек 21 мамырда тапсыруға тиіс болғанын айтты.
"Ол жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бері осы мектепте оқиды. Оның оқу үлгерімі жақсы, мінезі ұстамды, өзін сыныптастарымен қатты араласпаған және мектептішілік есепте болмаған. Ол 2024 жылғы 21 мамырда ҰБТ тапсыру үшін тіркелген. ( ...) Оқушы денсаулығына байланысты мектепке бармаған. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Жетісу облысы білім басқармасы өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция оқушы қыздың өліміне қатысты тергеуді бастады. Соталды тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек