Талдықорғанда бала суға батып кетті. Ол демалыс орындарының бірінде бассейнге құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты құтқарушылар да растаған. Қайғылы оқиға 1 тамызда кешкі сағат 20.00 шамасында болған.
"Ата-анасының қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткен. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бірақ, өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", - деді Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз