- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда азапталған 24...
Талдықорғанда азапталған 24 адамның ісі: омбудсмен Жоғарғы сотқа жүгінді
Талдықорғанда азапталған 24 адамның ісі бойынша омбудсмен Жоғарғы сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қаңтар оқиғалары кезінде азапталған жәбірленушілердің істерін сотта қарау кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Бүгінде Талдықорған қалалық сотында жәбірленуші деп танылған 24 адамға қатысты азаптау дерегі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға жәбірленушілердің өкілдері тиісті сот төрелігіне қол жеткізу бөлігінде олардың құқықтарының бұзылуына байланысты өтінішпен жүгінген.
Оның ішінде, олар өз шағымдарында жәбірленушілердің мүдделері объективті және сапалы түрде қаралуына мүмкіндіктің жоқ екеніне, жәбірленушілердің өз өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмағанына, қылмыстық процеске қатысушылар санының көп екенін, ал сот отырысы залының тар екендін айтқан.
Сот залының ыңғайсыздығынан жәбірленушілер мен сотталушылар бір орындыққа орналастырылған, салдарынан сотталушылар өз кезегінде моральдық және психологиялық қысым жасайтыны айтылған.
Олардың шағымдары сот отырысында сапасыз жұмысына да қатысты болды. Сот процесінде синхронды аударма қамтамасыз ету туралы бірнеше рет өтініштерге қарамастан, ол ескерусіз қалған.
Сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері осы қылмыстық істі қарау тәртібінің болмағанын да атап өтті.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан көптеген адамға қатысты физикалық күш қолдану туралы осы қылмыстық істің айрықша сипатын ескере отырып, Омбудсмен бұған дейін бұл проблемаларды ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары мен адвокаттар қауымдастығы көтергенін атап өтті.
Осы мәселелердің барлығын ескере отырып, Эльвира Әзімова Жоғарғы сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы хатпен жүгінген. Уәкілдің өтінішін қарау нәтижелері бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан барлық көрсетілген жол берілген бұзушылығының шешілгені туралы жауап келіп түсті.
Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланады. Одан бөлек, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тарап адвокаттарының шағымдары ішінара қанағаттандырылғаны да айтылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина