- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда әкімдік қызметкерлері...
Талдықорғанда әкімдік қызметкерлері 500 миллион теңгеден аса қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлады деген күдіктерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мәліметінше, мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкер, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкері ұсталып, УҰИ-ге қамалған.
"Олар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдікке ілінген. Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды", - делінген хабарламада.
Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұл бап санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексерудің қалған деректері жарияланбайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан