Талдықорғанда әкесі аяусыз ұрған баланың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған тұрғыны әйелі мен үш жасар қызын аяусыз ұрып-соққаны хабарланды. Ауыр жарақат алған әйел мен бала ауруханаға жатқызылған еді.
Бұл дерекке қатысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір баланың жағдайы орташа дәрежеде.
"Бала облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінде жатыр. Ем шаралары және динамикалық бақылау жүргізіледі. Барлық көмек қарастырылған", - деп жазылған ведомствоның редакцияға берген жауабында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!