Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатуға тырысқан төрт тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілер Ravon Nexia және Mazda көліктерімен жүрген. Ұстау кезінде үшеуі көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан. Ақбөкеннің 270 мүйізі тәркіленді.
Ұсталғандар 1982-2000 жылы туған Алматының және Жамбыл, Алматы облыстарының тұрғындары екені анықталды. Барлығы облыстық полиция департаменттіне түсінік беру үшін жеткізілді.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлімінде "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сонымен бірге пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" көзделген тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!