Талдықорғандық полицейлер өз танысынын өлтірді деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 наурызда Талдықорғанның шетінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 72 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"52 жастағы жергілікті тұрғын аса ауыр қылмысқа күдікті ретінде танылды, ол өз сөзінде кісі өлтіруді жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде жасағанын түсіндірді", - деп хабарлады Талдықорған полициясы.
Қылмыс орнынан тәркіленген пышақ айғақ ретінде тергеу материалдарына тіркелді. Күдікті азамат қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!