Желіде Талдықорғанда бейтаныс ер адам алты жасар қызды подъезге кіргізіп, оны қорламақ болғаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мессенджерлерде тараған ақпарат бойынша оқиға 22 қыркүйекте болған. Бейтаныс біреу қызды подъезге кіргізіп, шалбарын шешпек болған. Ер адамды сыртқа шыққан көршілері шошытып жіберген. Ол баланы тастап, қашып құтылып үлгерген.
Полиция балаға шабуыл жасалғанын растады.
"Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Барлық жеке құрам, сондай-ақ жеке күштер күдіктіні іздеуге жұмылдырылды. Сіздерден сабырлық сақтауды, өте сақ болуды және балаларыңызды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Іс полиция бөлімшесінің бақылауында, егер сізде қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!