Талдықорғанда 3 жасар қызын аяусыз ұрып-соққан әке сотталды

Талдықорғанда 3 жасар қызын аяусыз ұрып-соққан әке сотталды
Фото: instagram.com/taldykorganec_kolesa/reels/

Талдықорғанда 3 жасар қызын аяусыз ұрып-соққан әке сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға биыл ақпанда болған еді. Өз әкесі ұрып, денесінде сау тамтығы қалмаған бүлдіршін дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Балақай әлі де дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Телеарна мәліметінше, кішкентай қыз бұған дейін ауыр сырқатпен күресіп, Түркияда бауырына ота жасатқан. Ал күдікті тұрғылықты мекенжайынан мас күйде табылған. Кейін бұл дерекке қатысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Азаптау және ұрып-соғу белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Жанар Қалықова.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған тұрғыны әйелі мен үш жасар қызын аяусыз ұрып-соққаны хабарланды. Ауыр жарақат алған әйел мен бала ауруханаға жатқызылған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget